«Аялаған Астана» конкурсы өтеді
Астанада Оқушылар сарайында жыл сайынғы IV «Аялаған Астана – 2016» республикалық конкурсы басталады, оған Қазақстанның өңірлерінен кастингтен өткен 7-13 жастағы 12 талантты бала қатысады. Конкурс 2 шілдеде сағат 13:00 «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған қазылар алқасы балалар шығармашылығына өз бағасын беретін болады. Сонымен қатар, ұнаған қатысушыға оның тиісті номері бойынша СМС арқылы дауыс беруге болады.
Айта кетейік, балалар музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән айтады.
Қатысушылар Астанаға келді және Қазақстан мен Ресейдің үздік педагогтарымен дайындалуда. Конкурсқа қатысушылардың бос уақыттары жоқ. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, «балапан» телеарнасының түрлі балаларға арналған шараларына қатысады.
«Аялаған Астана – 2016» конкурсының гран-при иегері белгілі «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады.
Аталған жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10857